"Сәлем! Менің есімім Нуржан Абдикеров, мен 18 жастамын және Рудный индустриялық институтының 2 курс студентімін.
Барлығы командадан басталды. Толағай, Әли және мен бір-бірімізді бірінші жыл бойы танитын өте жақын достармыз. Жарты жыл бұрын кәсіпкерлік пәні өтіле бастаған болатын. Әр сабақта түрлі тақырыптар қозғалатын, соның бірінде стартап жобалар туралы айтылды. Қызығушылығымыз артып Толағай, Әли және мен өзіміздің стартап жобамыз жайында ойлана бастадық. Қандай жоба жасаймыз деп көп ойландық, интернет барлық керекті рестурстарды ақтарып шықтық, бірақ нақты бір идяға тоқтала алмадық. Сол сәтте әлеуметтік желідегі атақты дизайнер моделер Ральф Лореннің жаңа заман киімі мақаласына мен көз жүгіртіп шықтым. Мақаладан түсінгенім алдағы он жылдықта смарт киімдер брендке айнала бастайды. Мақаланы Әли мен Толағайға көрсетіп Қазақстанда да осындай стартап жоба бастасақ деген ойыммен бөлістім. оларға идея жаңашылдығымен ұнады. Келесі мәселе қандай киіммен айналысамыз деген сұрақ тұрды.
Ол кезде қыс мезгілі біліне бастаған уақыт еді, бірақ әлі қар жоқ. Үшеуміз осы оймен көшеде серуендеп келе жатқанда күн қатты суытып аяғымызға қыс ызғары сезілді, бірақ біз әлі де серуендегіміз келіп еді. Осыларды саралай келе шынында да қыс мезгілінде ызғарлы суықтан аяғымызғы сыз өтер деп көп серуендеге немесе сыртта жүруден бас тартатынымыз рас қой. Ал сытқы аязбен арпалысып жұмыс жасайтын жұмысшыларда бар. Осы мәселелерді шешу үшін жылту құрылғысын жасау керек деген ой пайда болды. Дәл осылайша «Аяқ киім жылыту құрылғысы» жобасының идеясы туындады.
Жарты күннің ішінде біз жобаның прототипін жасап шығардық. Әсемдеу және дизайн жағынан бізге Әли өз көмегін ұсынды. Бір күн ішінде ойлап тапқан идеямызды оқытушымызға көрсеткеніміз сол еді келесі күні Қостанай облысында «Regional Entrepreneurial Weekends» стартап сайысы өтетінін естіп қатысуды жөн санадық осылайша «NT&JA» командасын құрдық. Сайыста негізінен біз жеңеміз деп ойлаған жоқпыз, бірақта сайыс қортындысы бойынша жоғары ұпай жинап Meetup Astana –Olympic Entrepreneurial Games сайсына жолдама алдық. Міне осылайша біз жас стартапшыларға айнала бастадық. Старпшылар жолында бастапқы кезеңде қиыншылықтар туындайды деп ойлаған біздің жолымыз оңай әрі сәттілікке толы болды.
Аяқ киім жылыту құрылғысы туралы айтар болсам ол мына негізгі бөлшектерден тұрады: заряд бөлгіш батареядан, нихром және акустикалық сымнан, ұлтарқтан, байланыстырғыш бөлшектерден, резиналы маериалдан, зарядттағыш құрылғыдан. Құрылғының жұмыс істеу кезінде адамға ешқандай зияны жоқ. Ток аз болғандықтан адамға зиянсыз. Жұмыс істеу мерзімі толық зарядалға батареямен бір тәулікке жетеді. Батарея заряды таусылғасын зарядтаушы құрылғымен зарядтап қайта іске қоса аласыз. Тұрмыстық тәжербие жұмысарының негізінде адамға кедергісі жоқ екенін байқадық. Қолданылуы аяқ киіміңізге құрылғыны салып батареяға негізделген бөлшеке жалғастырғыш бөлшекті жалғайсыз, жұмыс бір минуттан соң басталады.
Құрылғымыз негізгі үш деңгейделі пртотипен тұрады:
1. Дайындық деңгейі: бұл жерде прототиптің негізі қаңқасынан жасалынған жылыту жүйесі орныққан сынаққа тұрмыстық жағдайда қолайсыз болып табылатын портотип моделді айтамыз.
2. Өндірістік деңгейі: бұл жердегі прототиптің толықай өндіріске жарамды кезеңі. Зарядтаушы құрылғысы бар және сынақ тәжірибесінен сәтті өтіп өндіріске қолдануы тиіс моделді кезең.
3. 100%-дық деңгейі: бұл жерде прототип толық тұрмыс жағыдайын дайын, жылу берілу ешқандай сызды жалғаудың көмегінсіз. Датчиктер көптеген керексіз материалдардың орнын алмастыратын кезең.
Тұрмыстық тәжербие жұмысарының негізінде адамға кедергісі жоқ екенін байқадық. Тұтынушылармызға ыңғайлы болу үшін дизайнерлік жұмыстар жасап жатырмыз. Қазіргі таңда біз өндірістік деңгейдеміз. 100%-дық деңгейді жасау үстіндеміз. Алдағы уақытта соңғы деңгейді жасап, сатылымға шығару ойымызда бар. Тап қазіргі кездегі өндірістік деңгейдегі құрылғымыздың өзіндік құны 2710 теңге, ал сатылым бағасы 5500 теңгені құрайды. Өндірістік деңгейдегі құрылғымызды, кәсіпорын мекемелерімен бірлесіп жасау мақсатымыз бар.
Тұтынушылармыз туралы айтар болсам:
Болашаққа жоспарларымызды айтар болсам елімізде өндірс орнын ашып кәсіпорындарға, халыққа арнап аяқ киім құрылғысын жасау. Құрылғымызды шет елдерге дайындап сатылымға шығару. Арнайы өндіріс орнын ашқан соң смарт киімдер жобасымен айналысуды көздеп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер келесі он жылдықта ақылды киімдерін сатылымға дайындап отырса, Қазақстанда да осындай жоба дайындау мақстамыз бар. Сөзімді қортындылай келе цифрлы жаңа дәурде, жаңашылдық барлық сланы шарлап өтетіні рас. Біздің жобамыздың қазіргі мақсаттарының бірі де смарт киімдерді еліміздің нарығында қалыптастыру, осы жолда мақсаттарымзды толық орындағанша жұмыс жасаймыз".